Ақиқаттың ақберені
2026 жылғы 24 маусым қазақтың көрнекті жазушысы, драматург С.Сматаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Ақиқаттың ақберені» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: қаламгердің шығармалары арқылы адамгершілік пен рухани құндылықтарды дәріптеу.
Кеш барысында қатысушыларға С.Сматаевтың өмір жолы мен әдеби мұрасы туралы кеңінен мәлімет берілді. Жазушының қазақ әдебиетіндегі орны, драматургия мен прозадағы еңбектері таныстырылды. Қаламгердің шығармаларынан үзінділер оқылып, оның шығармашылығы жөнінде пікірлер айтылды. Сонымен қатар «Ақиқаттың ақберені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының кітаптары оқырман назарына ұсынылды. Кеш соңында қатысушылар жазушы шығармашылығы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.