Сайлау – менің конституциялық құқығым

Ұлттық құрылтай–2026 аясында «Сайлау – менің конституциялық құқығым» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді. Мақсаты – азаматтардың сайлау мәдениетін қалыптастыру, олардың конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау процесінің маңызын түсіндіру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және жастарды елдің қоғамдық-саяси өміріне саналы түрде қатысуға ынталандыру. Іс-шара барысында қатысушыларға Ұлттық құрылтай–2026 аясында жүзеге асырылып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістер, сайлау жүйесінің ерекшеліктері, азаматтардың сайлауға қатысу құқығы мен жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, Конституцияда белгіленген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары түсіндіріліп, сайлаудың демократиялық қоғамдағы маңызы жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды. Шара соңында қатысушылар құқықтық сауаттылықтың маңызын түсініп, сайлауға қатысу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы әрі азаматтық жауапкершілігі екендігі туралы қорытынды пікірлерімен бөлісті.