Ядролық қарудан азат әлем

        29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Осыған орай 2019 жылдың 22 тамыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында «Ядролық  қарудан  азат әлем» тақырыбында дәріс сабағы өтті.  Іс-шараға «Жасыл ел» сарбаздары қатысты. Мақсаты: ядролық қарулардың адамзат баласына тигізетін ауыр зардаптарын ,ядролық қарудың ғаламшарға, табиғатқа, адамзат қоғамына төндіретін каупін түсіндіру; бейбітшілдік, Отансүйгіштік қасиеттерді дамыту;

     Елбасымыз еліміздің әлемдік қоғамдастық үшін аса маңызды ірі істі бастап берді. Ол – Қазақстанның Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарусыз әлемге адамзат тарихында алғаш қадам басқандығы. Бұл оның жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі.
Әлемдегі ең ірі ядролық полигонның бірін жабу туралы президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы мен әлемдегі 4-ші ядролық қару-жарақ қоймасын жою туралы тарихи шешім қабылдаған Қазақстанның қадамы әлемді ядролық қарудан азат етуде ілгерілеудің жарқын үлгісі болып табылады.

        Оқу бөлімінің кітапханашысы Ф.Канагатова оқырмандарға Семей полигонының Қазақстан жеріне, халқына материалдық, әлеуметтік-экономикалық қанша зиян келтіргені туралы айтып өтті. Іс-шара соңында  «Қазақстан-ядролық қарусыз әлем» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

DSC_0010 DSC_0011 DSC_0013 DSC_0014