Әйел – ана, әйел – өмір, әйел – гүл
2019 жылдың 6 наурызында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ оқу залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел – ана, әйел – өмір, әйел – гүл!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға №1 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Халықаралық әйелдер күнінің шығу тарихымен таныстыру және қоғамдағы әйел затының ролін түсіндіру;
Ана – бала өмірінде қандай жағдай болса да қамқорлық танытатын, қорғай білетін әлемдегі ең жақын, ең маңызды және ең мейірімді адам. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі – өсиет, тұғыры биік.
Кештің қадірлі қонағы алты баланың анасы, «Күміс алқа» медаль иегері Сағындықова Жанна Амантайқызы қатысты.Оқушылар өлеңдер оқып, әндер айтып мерекелік кештің қызықты өтуіне атсалды. Оқырмандар назарына «Ана деп ән салам, ана деп жыр жазам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.