Әйгілі жырау-Ақтамберді
2025 жылдың 20 қараша күні атақты жырау, батыр, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Ақтамберді Сарыұлының туғанына 350 жыл толуына орай «Әйгілі жырау-Ақтамберді» атты тарихи сағат мектеп оқушыларының қатысумен өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының жыраулық дәстүрінің көрнекті өкілі А.Сарыұлының өмірі мен шығармашылығын оқушыларға терең таныстыру. Кітапхана қорындағы жыраулар мұрасы жайлы әдебиеттерді насихаттау. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Ақтамберді жыраудың тек ақын ғана емес, сонымен бірге батыр, қолбасшы, қоғам қайраткері және бітімгер-дипломат ретіндегі жан-жақты тұлға екенін айтып өтті. Шара соңында кітап көрмесі таныстырылды.


