Ынтымақ пен сыйластық
2026 жылдың 16 қазан күні кітапханада Рухани келісім күніне орай «Ынтымақ пен сыйластық» атты ақпарат кеші өтті. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық және отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру;
Іс-шара барысында кітапханашы «Рухани келісім» ұғымымен таныстырып, ұлтаралық достастық сезімін қалыптастыру туралы айтып өтті. Оқушылар өз ойымен бөлісіп тартымды, әрі қызықты өтті. Соңында бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды.



