Қыран қанатты батыр
2019 жылдың 8 тамыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Әйгілі ұшқыш, Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровтың туылғанына 100 жыл толуына орай «Қыран қанатты батыр», «Әуені бағындырған қазақ» атты кітап көрмесі, «Есінде жұрттың мәңгілік, жас қыран Нүркен Әбдіров» презентация ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысының батыры Нұркен Әбдіров сынды есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттер өмірімен танысып, өнеге алу; батырлар ерлігі арқылы жас ұрпақ бойындағы отан сүйгіштік және патриоттық сезімдерін ояту,
Нұркен Әбдіров 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруа отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, қалада әуе клубында ұшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери ұшқыш дайындайтын курстарға жіберді. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, көптеген жаяу әскерді жойды.
Көрмеге Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіров жайлы газет-журнал беттеріне шыққан мақалалар оқырмандар назарына ұсынылды.