Қыздарға әсемдік жарасады
2019 жылдың 11 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Халықаралық қыздар күніне орай «Қыздарға әсемдік жарасады» атты тәрбие сағаты өтті. Іс шараға №2 мектептің 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты:Оқушыларды мейірімділік, нәзіктік, еркелік, қамқорлық, сүйкімділік,жұмсақтық,білімділік, шыдамдылық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, ақылдылық, әдептілік, қарапайымдылыққа тәрбиелеу;
2012 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Бұл күнді мерекелеудің мақсаты - бүкіл әлемдегі қыздардың теңсіздік және әлеуметтік мәселелеріне назар аударту. Олардың ішінде білім алу, толыққанды тамақтану, медициналық қызмет алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан қорғау, бала кезінен мәжбүрлеп некеге тұрғызудан қорғау жатады
Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
Іс шара соңында «Қыз өссе елдің көркі» атты кітап көрмесі ұсынылды.