Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған

        2023 жылдың 16 маусымында Халықаралық медицина қызметкерлері күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» тақырыбында  аурухананың емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары Мондыбаева Гулбаршын Кайроллақызымен әңгіме-сұхбат өтті.     Мақсаты: оқырмандарды медицина қызметкерлерін құрметтеуге, төл мерекесімен құттықтау;

      Оқырмандар тарапынан дәрігер-маманға  бірқатар сұрақтар қойылды. Дәрігер-маман кітапхана оқырмандарына адам үшін денсаулықтың басты байлық екендігін, сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі жайында ақыл-кеңес берді. Оқырмандар салауатты өмір салтын сақтамай сау болу мүмкін еместігі жайында ой түйіп тарқасты.

      Іс-шара соңында «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнеролик көрсетілді.