Нашақорлықсыз салауатты өмір салты

26 маусым-Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлықсыз салауатты өмір салты» атты ақпараттық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: жастардың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу және салауатты өмір салтын насихаттау;

Кеш барысында оқырмандарға нашақорлықтың қоғам мен тұлғаға тигізетін кері әсері жайлы мағлұмат беріліп, салауатты өмір салтының артықшылықтары жайлы айтылды. Бейнеролик көрсетіліп, қызықты сұрақ-жауаптар мен пікір алмасу ұйымдастырылды. «Нашақорлықсыз салауатты өмір салты» атты кітап көрмесі рәсімделіп, оған библиографиялық шолу жасалды.