Жаңа күн

19 наурыз –Жаңару күні және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Жаңа күн» атты мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру. Қатысушылардың өнерге, салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру және кітапхана мен қоғам арасындағы байланысты күшейту.

Кеш шырайлы құттықтау сөзбен ашылып, Наурыз мерекесінің тарихы мен тағылымы таныстырылды. Іс-шараға «Сырлас» клубының мүшелері мен мекеме қызметкерлері қатысты. Ұлттық дәстүрлерге байланысты танымдық мәліметтер берілді. Қатысушылар арасында бата беру, мақал-мәтел, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Әсем әндер шырқалып, жыр-шумақтар оқылды. Қонақтар бір-біріне ақ тілектерін арнап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында Наурыз дастарханы жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. «Жаңа күн» мерекелік кеші жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтар дәріптеліп, кітапхананың мәдени-рухани орталық ретіндегі рөлі айқын көрінді. Кеш қонақтары көтеріңкі көңіл күймен тарқап, бірлік пен татулықтың маңызын тағы бір мәрте сезінді.