Жанға-дауа,жүрекке-жылу сыйлаған
2018 жылдың 27 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу заланда 20 маусым – Медицина қызметкерлерінің күніне орай «Жанға-дауа,жүрекке-жылу сыйлаған» атты пайдалы- кеңес сағаты өтті.
Іс-шараға қаладағы жастар ресурстық орталығының «Жасыл Ел» жасақтары қатысты.
Мақсаты: оқырмандарды медицина қызметкерлерін құрметтеуге үйрету, медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтау.
20 маусым - Медицина қызметкерлерінің күні. Бұл ақ халатты абзал жандардың мерекесі, әр минут сайын адам өмірін құтқаруға бар күш-қайратын салатын және қыл үстіндегі адам тағдырын арашалаушы жандардың мерекесі. Адам өмірінен асқан қымбаттылық жоқ екенін бағалай алатын мамандардың төл мерекесі. Қашанда адам жанына араша түсіп, шықпас жанға себепші болатын дәрігерлер қауымының еңбегі қазіргі қоғамда ұшан-теңіз. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.
Іс- шара соңында оқырмандар назарына «Ұлттың саулығы-жанның саулығы» атты кітап көрмесі ұсынылды.