Жас Алаш
7 сәуір күні қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар «Жас Алаш» газетіне 100
жыл толуына орай, кітапхананың оқу залында онлайн форматта «Жас Алаш" газетіне 100 жыл!» атты ақпараттық танымдық сағаты өтті.
Алғашқы саны 1921 жылдың 22 наурызында жарық көрген «Жас Алаш» газеті қазақ қоғамымен бірге түрлі кезеңдер мен қилы замандарды басынан кешірді. Соңғы жылдары «Жас Алаш» газеті түрлі тақырыпқа: қазақ жерінің бөлінбейтіндігі туралы, қазақ тілінің мәселесі туралы және басқа өзекті мәселелер жайында мақалалар жариялайтын ірі республикалық басылымға айналды. Оқу бөлімінің кітапханашы «Жас Алаш» газетінің шыққан тарихы туралы мәлімет берді