Жастар – жаңғыру жолында
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай қалалық кітапханада «Жастар – жаңғыру жолында» тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, өзекті мәселелерге қатысты пікірін еркін білдіруге мүмкіндік беру және болашаққа деген жауапкершілігін нығайту.
Пікірталас барысында жастардың қоғамдағы рөлі, білім мен өзін-өзі дамыту, заманауи мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру және ел болашағына қосар үлесі туралы ой-пікірлер ортаға салынды. Қатысушылар өз көзқарастарын білдіріп, қызықты пікірлерімен бөлісті.