Жастар оқыса – ел озады

        2026 жылдың 12 наурыз күні «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Жастар оқыса – ел озады» тақырыбында әдеби батл өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту. Кітапханашы жобаның маңызын түсіндіріп, кітаптармен таныстырып өтті. Іс-шараға 10-сынып оқушылары қатысып, екі топқа бөлінді.

    Әдеби батл барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы кезеңде топтар өздерін таныстырып, кітаптың адам өміріндегі орны туралы ойларын ортаға салды. Келесі кезеңдерде оқушылар әдеби сұрақтарға жауап беріп, белгілі шығармалар мен авторларды танып, кейіпкерлерді сипаттады. Сондай-ақ оқыған кітаптары туралы пікір білдіріп, өз ойларын дәлелдеп қорғады. Топ мүшелері белсенділік танытып, тапқырлық пен білімдерін көрсетті. Батл өте қызықты әрі тартысты өтті.

     Іс-шара соңында қатысушылардың білімдері бағаланып, белсенді топтар марапатталды. Әдеби батл оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың әдебиетке деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті. Мұндай шаралар жастардың рухани дамуына, білімге құштарлығын арттыруға үлкен әсер етеді. Оқушылар кітап оқу – болашаққа бастар маңызды қадам екенін түсініп, білім мен ізденістің маңызын ұғынды.