Жауынгер жүрек

      7 мамыр – Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай «Жауынгер жүрек» атты патриоттық сағат өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ұялату; Ел қорғаушы мамандығының беделін арттыру; Қазақстандық әскердің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін таныту. Іс-шараға жас сарбаздар қатысты.

    Кеш барысында қазақ әскерінің айбынын, заманауи дайындығы мен күш-қуатын көрсететін арнайы бейнебаян көрсетілді. Қазақ батырларынан бастап бүгінгі сарбаздарға дейінгі даңқты жолды сипаттайтын кітаптар көрмесі таныстырылды. Көрмеге еліміздің әскери тарихы, батырлар ерлігі туралы басылымдар қойылып, шолу жасалды. Патриоттық сағат өте жылы әрі мазмұнды деңгейде өтті.