«Жайықтың ақ шағаласы

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Білім орталығында», 2019 жылдың  27 тамыз күні ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгерееваның  туғанына 75 жыл толуына орай «Жайықтың ақ шағаласы» атты поэзия кешін  ұйымдастырды. Іс-шараға «Жасыл ел» жастар отряды қатысты.

      Шараның мақсаты: Ақынның шығармашылығын дәріптеу, жастарды поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету;  

      Қазақ поэзиясында өзіндік орны, қолтаңбасы бар қаламгердің қоғамды, адамды толғандырып отырған әлеуметтік құбылыстарды арқау еткен туындылары оқырмандарды терең ойға қалдырып, жастардың жігерін оятты.

      Шара  барысында «Жырымен әлдилеген Ақжайығым» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

DSC_0018 DSC_0019