Жазушы беделі-ұлт беделі

2023 жылдың 11 қыркүйек күні  қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Әкім Таразидың  туғанына  90 жыл толуына орай «Жазушы беделі-ұлт беделі» тақырыбында портрет кеші өткізілді.  Іс-шараға мектеп оқушылары  қатысты. Мақсаты: жазушының өмірі мен шығармаларын насихаттау, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап оқуға ынталандыру;

Кітапханашы  И.Талханбаева оқырмандарды жазушының өмірбаянымен және шығармаларымен таныстырып өтті.Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, драматург Әкім Тарази шын мәнінде ұлт мақтанышы деген атаққа лайық. Ол өз шығармашылығы арқылы тағдырын замандастарына арнаған, адам мен қоғамның бар шындығын бейнелей алған автор, қазақ әдебиетінің алтын қорына үлкен үлес қосқан жазушы.  Іс-шара соңында  «Жазушы беделі-ұлт беделі»кітап көрмесі ұйымдастырылды.