Жазушы мұрасы-халық жадында

 

2022 жылдың 19 желтоқсан күні жазушы, ҰОС ардагері,Қазақ ҚСР-нің мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә. Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай « Жазушы мұрасы-халық жадында» әдеби кеш өткізілді.

 

        Әдеби кештің мақсаты: Махаббат жыршысы Әзілхан Нұршайықовтың ісі үлгі болған, бүкіл шығармашылық ғұмырын жастардың тағдырына арнаған жазушыны жас ұрпаққа таныстыру, жырларын насихаттап, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру; Әдеби кешке мектеп оқушылары қатысты.Оқу бөлімінің кітапханашысы Талханбаева Индира әдеби кешті ашып, өмірі мен шығармашылығына тоқталды. «Жазушы мұрасы-халық жадында» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

4 5 6