Жазықсыз жапа шеккендер

31 мамыр Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 2025 жылдың 30 мамырында кітапхананың «Білім» орталығында «Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу;

Іс – шараға 44841 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Оқырмандарға ашаршылық және саяси қуғын – сүргін құрбандары туралы ақпарат беріліп, видеоролик көрсетілді. «Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.