Жазықсыз жазаланған жайсаңдар
2018 жылдың 25 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы М.Айтжанова № 2 мектептің 10 сынып оқушылары арасында 31 мамыр- Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Жазықсыз жазаланған жайсаңдар» атты еске алу кешін өткізді.
Мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Оқушылардың бойына Отансүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету.
ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.
Еске алу барысында оқушыларға зобалаң жылдардың зұлматы туралы мағлұматтар берілді. Сонымен бірге, қазақ халқының бастан кешкен сан қилы қиындықтары мен елі үшін терін төккен қазақ зиялыларының жазықсыз жапа шеккен тағдырлары жайлы айтылады. «Жазықсыз жазаланған жайсаңдар» атты кітап көрмесі құрылды. Көрмеге кітапхананың қорындағы М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты», Н.Дулатбековтың «Алаш ардақтылары», В.Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі» т.б. әдебиеттермен қатар газет-журнал беттеріне шыққан материалдар ұсынылған.