Желтоксан құрбандары

2021 жылдың 13 желтоқсан күні Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай қаламыздың №1 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Желтоқсан құрбандары» тақырыбында еске алу кеші өткізілді. Аталған іс-шара мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

       Іс-шарада оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Д.Төлбасы Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіріп өтті. Бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

12 14

15  13