Жергілікті қаламгерлер қазынасы
17 сәуір күні «Сөз өнеріндегі өлкетану» апталық аясында кітапханада «Жергілікті қаламгерлер қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды туған өлкенің рухани мұрасымен таныстыру, жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, әдебиет арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Көрмеге өңіріміздің ақын-жазушыларының шығармалары қойылып, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер ұсынылды. Іс-шара барысында оқушылар кітап көрмесімен танысып, жергілікті қаламгерлердің туындыларына қызығушылық танытты