Жеңіс жолы – ерлік жолы
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында «Жеңіс жолы – ерлік жолы» атты тарихи-тақырыптық кеш өткізілді. Іс-шараға 44841 әскери бөлімінің сарбаздары қатысып, тағылымды кештің мәнін арттыра түсті. Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, Ұлы Жеңістің маңызын түсіндіру, ел қорғаған батырлардың ерлігін ұлықтау және тарихи сананы жаңғырту. Кеш 1 минут үнсіздікпен басталып, Отан үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым жасалды. Іс-шара барысында соғыс жылдары туралы мәліметтер беріліп, ерлік пен батырлық жайлы әсерлі әңгімелер айтылды. Қатысушыларға тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, тарихи әдебиеттерге шолу жасалды. Сонымен қатар, сарбаздармен бірге естелік суретке түсіп, кеш мазмұнды әрі әсерлі өтті.





