Жетісудың жерұйығы
2024 жылдың 14 мамыр күні қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 145 жыл толуына орай «Жетісудің жерұйығы» тақырыбында танымдық кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Қазақ халқының алғашқы инженері, тарихшы - ғалымның өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан – жақты білім беру үшін, туған халқына, оның тарихына сіңірген еңбегін танып – білуді оқушылардың өздеріне жұмыс істете, іздендіре отырып меңгерту.
Шара барысында оқушыларға қазақтың алғашқы инженері туралы бейнеролик көрсетіліп, толық мағлұмат беріліп және «Жетісудің жерұйығы» атты кітап көрмесі таныстырылды.