ЖИТС- адамзатқа төнген қауіпті дерт

2019 жылдың 27 қараша күні  «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар кітапханасында  «ЖИТС – адамзатқа төнген қауіпті дерт» тақырыбында әңгіме шолу өтті. Іс-шараға 1 мектеп оқушылары қатысты.

Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру; салауатты өмір салтын қалыптастыру; оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу;

Іс-шара барысында кітапханашы ғасыр індетінің тарихы, белгілері, таралуы және одан сақтану жолдары, салауатты өмір салтының ұстанымдары туралы мағлұмат берді. Одан кейін оқушылар берілген тақырыпқа пікір алмасып, АҚТҚ/ЖҚТБ туралы ақпарат қамтылған брошюрамен танысты. Іс-шара соңында «ЖИТС – адамзатқа төнген қауіпті дерт»  атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

 3c83bac9-ca5e-4afb-bd4f-6e5106883647 4f027f63-636f-4409-81ce-d364e7b16b07 92c4369a-3824-4175-8046-e37b68874613 214fa6e3-58ee-448f-b4fd-f69b00cf7151  1b3a462f-6086-46a6-bc28-1ad9fa93d31e

9ff30c04-6d0f-46a8-9086-2357ea98790b 13b51f54-5f3e-48bc-a404-bf7f6881ab5c