Жұлдызды тағдырлар

2018 жылдың 15 тамыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде ақын, қаламгер, публицист, сыншы, аудармашы Ғафу Қайырбековтің туғанына  90 жыл толуына орай «Жұлдызды тағдырлар» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Іс – шараға  кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.

Мақсаты: ақын,жазушы туралы, ой-пікір айту, оның өмір жолымен, шығармашылығымен танысу,өлеңдерінен сыр шерту.

Ғафу  Қайырбеков – ақын, қаламгер, публицист, журналист, сыншы,  аудармашы,  домбырашы,  әнші. Ақынның бүгінгі таңда публицистика саласына  қосқан үлесі зор. Публицист қаламгердің «Ақжелкен», «Жел қайық» атты публицистикалық жинақтары – публицистика саласындағы классикалық қорға енген мұралар.

Іс – шара  соңында  кітапханашы оқырмандарға    жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып , оқырмандарға түсінікті болу үшін өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. «Қанатты жылдар»  атты кітап көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасады.

0

01 2

3 4

5