Жұлдызы жанған ғалым
2025 жылдың 3 қараша күні қазақтың әр алуан көкжиегінде өшпес із қалдырған жарық жұлдызы, талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы - географ Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Жұлдызы жанған ғалым» тақырыбында тұлғатану кеші өтті. Мақсаты: ұлы ғалым, саяхатшы, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмір жолы мен ғылыми мұрасын жастарға насихаттау, тарихи тұлғаның ел дамуына қосқан үлесін кеңінен таныту.
Іс-шара барысында оқушылар ғалымның не зерттегенін біліп, кітапхана қорындағы кітаптармен танысып, Ұлы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы бейнеролик көрді. Іс-шара соңында ғалымның үздік дәйексөздері оқылды.

