Жұмекен поэзиясы-өмір айнасы
2025 жылдың 28 қараша күні көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жұмекен поэзиясы-өмір айнасы» атты поэзия кеші өткізілді. Кештің басты мақсаты – жас ұрпаққа ақын шығармашылығын кеңінен таныстырып, оның өнегелі өмірі мен терең мағыналы туындылары арқылы оқырмандардың туған жерге, ұлт руханиятына деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шара барысында жас оқырмандар Жұмекен Нәжімеденовтің өмір жолы мен бай шығармашылық мұрасымен танысып, жүрекке жылы, сыршыл өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш аясында Жұмекен шығармашылығына арналған мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Шараға мектеп оқырмандары қатысты.



