Жыр арқауы-Мұқағали

      Кітапхананың «Білім» орталығында лирик ақын Мұқағали Мақатаевтің 95 жылдығына орай «Жыр арқауы-Мұқағали» атты қалалық Мұқағали оқулары байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушылар арасында Мұқағали шығармаларын кеңінен насихаттау, жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқау ережесіне сай сайысқа 31 үміткер қатысты. Байқау екі номинация бойынша өткізілді. 1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу. 2.«Жыр эстафетасы» – ақынның «Райымбек, Райымбек», «Алтай-Атырау», «Аққулар ұйықтағанда» поэмаларын жатқа айту.

       Әділқазылар алқасы: Ақын, ұлағатты ұстаз О.Айтбенбетов, «Достық»” орталығының қосымша білім беру мұғалімі Г.Турдыбаева, Приозерск қаласы мәдени-демалыс орталығының әдіскері Г. Сабденбекова байқауда қатысушы сайыскерлеріміздің өлең оқу мәнерін, көркем мәтінде оқу шеберлігіне әділ бағасын берді.

      Қазылар алқасының шешімімен: «Айтып өткен ақында арман бар ма?»номинациясында 1 орын №2 мектептің 7 сынып оқушысы С.Дарханова, 2 орын №1 мектептің 6 сынып оқушысы Ж.Сайдулла, 3 орын № 1 мектептің 9 сынып оқушысы А.Әділбек иеленді.

    «Жыр эстафетасы» номинациясында 1 орын №1 мектептің 5 сынып оқушысы А.Назар, 2 орын № 2 мектептің 6 сынып оқушысы Ж.Бақытбек, 3 орын 06708 әскери бөлім сарбазы Н.Қадырберлин иеленді.Қалған қатысушылар «Алғыс хат» және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Шара барысында «Жыр арқауы-Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар естелік суретке түсті.