Жыр бесігін тербеткен

2026 жылдың 25 тамыз Марфуға Айтхожинаның туғанына 90 жыл толуына орай «Жыр бесігін тербеткен» тақырыбында поэзия сағаты өткізілді. Мақсаты: Ақын Марфуға Айтхожинаның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ақынның сыршыл да көркем поэзиясы арқылы оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға баулу және ұлттық поэзияға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы кеңінен әңгімеленіп, оның қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны таныстырылды. Қатысушылар ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігі мен тағылымдық мәніне тоқталып, өлеңдерінің мазмұнына байланысты өз ой-пікірлерін білдірді. Поэзия сағаты ақынның рухани мұрасын дәріптеп, оның өлеңдерін жас ұрпаққа кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді.