Жыр көшбасшысы

         2026 жылдың 26 ақпан күні халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жыр көшбасшысы» атты әдеби дилижанс өткізілді. Мақсаты: Ұлы ақынның патриоттық жырлары арқылы өскелең ұрпақты Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу;

      Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы, оның қазақ әдебиетіндегі орны туралы мәлімет берді. «Жыр көшбасшысы» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған бұл шара — ақынның есімін ұлықтау ғана емес, ұлттық кодты жаңғыртудың бір жолы болды. Жамбылдың «жүз жыл жырлаған» мұрасы — халқымыздың өткені мен болашағын жалғайтын алтын көпір. Оның жырлары мәңгілік, есімі халық жадында өшпейді. Жамбыл – халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, екі ғасырдың куәсі болған бірегей тұлға. Оның мұрасын ұлықтау – кейінгі ұрпақтың парызы.