Жыр қыраны- Жұбан ақын

2025 жылдың 26 қыркүйек күні кітапхананың «Білім» орталығында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына орай «Жыр қыраны-Жұбан ақын» атты Жұбан оқулары байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: ақынның мол мұрасын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау; жастардың шығармашылық қабілеттерін, тұлғалық және тіл мәдениетін дамыту, көркем сөз оқу шеберлігін жетілдіру.; Байқау ережесіне сай сайысқа 10 үміткер қатысты.
Байқау екі номинация бойынша өткізілді: 1. «Үздік көркем оқу» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу. 2. «Мен қазақпын» номинациясы бойынша Жұбан еңбектеріне эссе жазу. Байқау қатысушылары «Үздік көркем оқу» атты 1- ші кезеңде Жұбан өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. «Мен қазақпын» атты 2 кезеңінде Жұбан еңбектеріне эссе жазуды қорғады. Әділқазылар алқасы: Ақын, ұлағатты ұстаз О.Айтбенбетов, Мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тіл саясаты бойынша әдіскері М.Уйсимбаева, қалалық кітапхананың кітапханашысы А.Исхакова байқауда қатысушы сайыскерлеріміздің өлең оқу мәнерін, көркем мәтінде оқу шеберлігіне әділ бағасын берді.
Қазылар алқасының шешімімен: «Үздік көркем оқу» атты 1- ші кезеңде 1 орынды №2 мектептің оқушысы А.Мұсатай, 2 орынды №1 мектептің оқушысы Д.Жиенбай, 3 орынды № 2 оқушысы А.Исахан иеленді.«Мен қазақпын» атты 2 кезеңде 1-ші орынды №1 мектептің оқушысы А.Тәңірберген, 2 орынды № 2 мектептің оқушысы А.Таңғатар, 3 орынды № 2 мектептің оқушысы А.Тұрсынбек иеленді. Қалған қатысушылар: А.Пахрредин, Е.Сәкен, Ш.Нұрғали, Е.Болатжан қатысқандары үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Шара барысында «Жыр қыраны-Жұбан ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.