Жырау, ақын, батыр - Шалкиіз

2025 жылдың 26 мамыр күні кітапхананың «Білім» орталығында ақын, жырау, Шалкиіз Тіленшіұлының 560 жыл туғанына орай «Жырау, ақын, батыр - Шалкиіз» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орнын түсіндіру, Шалкиіз батырлығы мен жырларындағы ерлік сарынды сезіндір;.
Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек, жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіт шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығармаларынан ортағасырлық қарапйым көпшелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан. Іс-шара барысында «Жырау, ақын, батыр - Шалкиіз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.