Жырым – жүрегім
2026 жылдың 23 сәуір күні ақын, журналист, аудармашы Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл толуына орай «Жырым – жүрегім» поэзия кеші өткізілді. Мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны Күләш Ахметованың шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, әдеби талғамын қалыптастыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Ақынның туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жырым – жүрегім» атты поэзия кешіне мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар Күләш Ахметованың жүрекке жылы тиетін жырларынан үзінділер оқып, ақын поэзиясының терең мағынасы мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар, кеш аясында ақынның шығармалары қойылған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Көрмеде ақынның жыр жинақтары мен ол туралы әдебиеттер ұсынылды. Оқушылар қазақ поэзиясының құндылығын тереңірек түсініп, Күләш Ахметованың шығармашылығына деген қызығушылықтары артты.