Жүз кітап – жүз тағылым

18 қыркүйек күні кітапхананың оқу залында ұлттық руханиятты дәріптеу, жас ұрпақты классикалық және заманауи әдебиеттерді оқуға баулу мақсатында «Жүз кітап – жүз тағылым» атты әдеби сағат өткізілді. №1 мектептің оқушыларының қатысуымен өткізілген іс-шара барысында қазақ әдебиетінің алтын қорына енген таңдаулы шығармаларға шолу жасалды. Жүз кітаптан алынған тағылымды ойлар мен ғибратты үзінділер ұсынылды. Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Әлемдік және қазақ әдебиетінің озық туындылары насихатталды.