Әзиз ана

2024 жылдың 6 наурыз күні кітапханада Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр актрисасы Ә.Өмірзақованың туғанына 105 жыл толуына орай «Әзиз ана» тақырыбында еске алу кеші өтті.

Іс-шараның мақсаты: оқушыларға белгілі актриса қазақ киноөнерінің шебері Әмина Өмірзақованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру және қазақ халқының ұлттық киноөнерін насихаттау болып табылды.

Іс-шара барысында Әмина Өмірзақованың өмірі жайлы толық ақпарат берілді және қандай киноларда рөл сомдағандығы туралы айтылып өтті. «Әзиз ана» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

 

8  7 (1)