Зұлмат жылдар тарихы

2023 жылдың  29 мамыр күні кітапханашы Ж.Калабаева №1 мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай «Зұлмат жылдар тарихы»  тақырыбында тарихи әдеби альманах ұйымдастырды.

Мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу,оқушылар бойына отансүйгіштікке,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін дарыту; саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін,үлгі-өнеге ету;

Іс-шара барысында оқушыларға зобалаң жылдардың зұлматы туралы, ХХ ғасырдың 1930 жылдардағы аштық пен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің қасіреті туралы тарихи мәліметтер берілді.

«Зұлмат жылдар тарихы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып,  бейнеролик көрсетілді.