Конституция білгірлері

Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтары мен нормаларын кеңінен насихаттау және түсіндіру мақсатында 2026 жылғы 9 шілде күні кітапхананың «Білім» орталығында «Конституция білгірлері» интеллектуалдық викторинасы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар Конституцияның тарихы, негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік билік жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды. Қатысушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

Іс-шара аясында Конституция тақырыбына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге қойылған Қазақстан Республикасының Конституциясы, құқықтық әдебиеттер, танымдық және анықтамалық басылымдар таныстырылды. Кітапханашы көрмеге шолу жасап, ұсынылған әдебиеттердің мазмұны мен маңыздылығы туралы ақпарат берді. Шара соңында қатысушылар Конституцияны құрметтеу, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың қоғам үшін маңызы жөнінде өз ойларымен бөлісті.

В целях популяризации и разъяснения ценностей и норм Конституции Республики Казахстан 9 июля 2026 года в центре «Білім» библиотеки была проведена интеллектуальная викторина «Знатоки Конституции». В ходе мероприятия участники ответили на вопросы, касающиеся истории Конституции, основных принципов, прав и обязанностей граждан, государственных символов и системы государственной власти, раскритиковали свои знания и смекалку. Участники проявили активность, с интересом выполняли задания.