Асанова С. Қазақтың ұлттық киімдері
Оқулықта берілген айрықша киім жинағында ерлердің, әйелдердің костюмдері, аяқ киімдері мен бас киімдері бір көркемдік мағынаға бағына аяқталған композицияны көрсетеді. Эскиздің колорлық шешім табуында түртүс символикасы, ою-өрнектің құрылымдық жүйесі қатаң сақталынған. Мерекелік халық киімдерінің әсемдігі мен молдығын көрсете білуде қазіргі тоқымалық материалдар кеңінен пайдаланылған. Ансамбльдегі киім жинағының маржан, стеклярус, страздармен кестеленуі, сызба, алтын, күміс баулармен және оқа-шашақтармен әрленуі олардың көздің жауын алар көркемдігін әсерлендіре түскен. Қазақтың ұлттық сыртқы мерекелік салтанатты киімдеріне үлбірлер, металл қапсырмалар ісмерлікпен, талғаммен үйлестірілген. Үсынылып отырған киім жинағының эскизін жасау барысында үлттық киімдердің мерекелік-сәнділік қызметімен қатар, қолданылу қызметі де ескерілген.
Оқулық «Киімді модельдеу және конструкциялау» мамандығы бойынша білім алатын болашақ мамандарға, сондай-ақ суретші-сәнгерлерге, театрлық костюм суретшілеріне, өнертанушылар мен өнер сүюші қауымға арналған.