Асқар АЛТАЙ
Тандамалы. Повестер, әңгімелер, роман. 2-том. - Алматы: «Арда+7», 2022. - 400 бет.
Жазушының балаларға арналған «Дегелеңдегі қызыл күн» сияқты ішінара әңгімелері енді. Студент шағында жазылған «Қызыл бөлтірік» повесі бала психологиясына лайық сүбелі туынды. «Қара бура» повесіндегі бура бейнесі — кешегі ер де өр қазақтың символы... «Қаладағы кұтпандар» повесінде қаңғыбас иттер өмірі арқылы коғамдағы сұмдықтар мен адам баласынын қатыгездігі иттің «көзімен» суреттеледі.
«Жолаушы» хикаяты композициясы казақтың ауызекі әңгіме айту үлгісін жаңа форматта беру стилімен ерекше. Мұнда кешегі кер қоғамның сатқындық пен құлдық сана қалыптастырғаны, бүгінгі тәуелсіздік кезеңде пайда болған «бүкір ойлы» интеллигент пен құлқынқұмар шендінің қоғамды лайлап отырғаны ашық бейнеленеді.
Ал «Туажат» роман-модернде Декабрь көтерілісіне қатысқан, ақы- ры Ауған соғысына кетіп, кейін Шешен соғысынан бір-ақ шыққан Байбурадай қазақ сарбазының жанкешті ғұмыры суреттеледі. Өз елінде, туған жерінде жатқа айналған азаматтың тағдыры арқылы автор бүгінгі өмірде пайда болған «туажат» философиясы астарына терең мән береді.