Асхат Өмірбаев. Жас жүрек. / Асхат Өмірбаев. - Алматы: «Жалын баспасы». 2021 - 192 бет
Жазушы Асхат Өмірбаевтың «Жас жүрек» атты кітабы өзіндік жазу стилі қалыптасқан, көркемдігі кемел, окырманға айтар айқын ойымен ерекшеленеді. Әдебиет сүйер қауымға тартымды шығармаларымен танылып қалған қаламгердің шығармалары жоғары идеялығымен, әуезді де ырғақты тілімен баурап алады. Кітаптағы хикаялар, әңгімелер мен новеллалар жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа баулиды. Қаламгердің шығармаларынан адамдар арасындағы кіршіксіз мөлдір махаббат, достық, сүйіспеншілік секілді қасиеттер айқын аңғарылып, оқырманды еріксіз еліктіре түседі.
Кітап аға буын өкілдері мен жастарға, барша оқырман қауымға арналған.