Айдарбаев Ж. Үлан дала

Үлан дала / Жоламан Айдарбаев - Алматы: ЖК «Сакенова», 2024.-288 бет.

ISBN 978-601-06-9565-8

ӘОЖ 94(574)

КБЖ 63.3(5Қаз)

А 31

          Арғы тегі скиф, сақ, гұң, түріктерден бастау алған бүгінгі қазақ халқының тарихы, шежіресі – жүрегіміздің қан тамырларымен бірге соғып тұрған дариға дәурен дүние, ұлттық махаббатымыз. Ұшы-қиырсыз шалқар дария, толқын атан көгілдір мұхит – ұлан дала, тарих талқысында бір бөлегі Маньчжурияға айналып қайта құлап, екінші бөлегі Шарата, Доңат, Балаәмір, Ұлды, Руғила, Еділ бастаған жарты әлемді билеп Еуропа асқан ғұндардың жалғасы – тарих сахнасына қайта шыққан бүгінгі күлді түрік жұртының тербеліп өскен алтын бесігі.

          Бұл еңбек – тарихтың тылсым қойнауында бір жайларда жер бетінен өшіп кетіп, ғайыптан қайта шығып «Мәңгі ел» асқақ арманын көкке ту етіп көтерген сол бір заманның көкжалдары- «ашына» көк түріктері жайлы тұңғыш қалам тербеліп отырған толғаныс.

          Автор алдарыңызға тартып отырған бұл еңбегінде тарих толқынында мың өліп, мың тіріліп келе жатқан халқымыздың белгілі бір кезеңдегі бастан кешкен баянын, сол бір заманның бүкіл болмысын боямасыз ақиқат тұрғысынан ашып көрсетуге талпынған және онысы біршама сәтті шыққан.