Б. Адырбек Өзбекәлі Жәнібек. - Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі», 2021,-384 бет.
Ғұмырнамалық кітаптың кейіпкері - қытымыр коммунистік қоғамда жарық дүниеге келіп, жетімдік тақсіретін тарта жүріп ер жетіп, өршелене өсіп, ұлтына қызмет етуден бір танбай өткен өршіл мемлекет және коғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібек. Заманынан оза туған ұлттық болмысты азаматтың қайраткерлік қалыптасу жолы һэм қазақтың музей ісі, ұлттық киім үлгілері, ұлттық өнері (ән, би, сәулет) хақында терең тебіреністі этнолог ғалым болып қалай қалыптасқаны жайында туындыгер дәйекті әңгіме сабақтайды. Қайраткерлігін халқына арнаған тұлғалы азаматтың өнегелі өмір жолы деректі ғұмырнамалық баян түрінде өріледі.
Дерегі мол, кітаптың тілі көркем.