Бағлан Әбдірайым. AQ pen QARA. Таңдау жасау өз қолыңда

Жаһандану үдерісімен бірге қазақ өміріне дендей еніп, қоғамдағы үлкен кеселге айналған дерттердің бірі - құмарлық ойыны. Кітапта абайсызда аяғын шалыс басып, құмар ойынының шырмауына түсіп қалған белгілі өнер адамының бастан кешкен хикметтері жайлы баяндалады. Автор өз өмірінде жіберген қателіктерінің салдарынан тап болған қияметі, өкініш, күйініштері туралы ақтарыла әңгімелей отырып, көпшілікті одан сабақ алуға шақырады. Өмірде адамды адастырар осындай кесел-кесапаттардан бойды аулақ ұстап, дұрыс таңдау жасай білу жолдары жайында ақыл-кеңес береді.