Байғалиұлы Ғани. Кайдзен үздіксіз дамудың құпиясы

Бұл кітапта үздіксіз дамуға бағытталған жапон философиясымен қалай танысқаным туралы баяндаймын. Мұнда кайдзенді отандық өндірісте, кәсіпкерлікте, адамның жеке дамуында, күнделікті тұрмыста қолдану үйретіледі. Кітапта сондай-ақ, кайдзеннің даму тарихы, ұстанатын теориясы, негізгі тетіктері мен құралдарына анықтама берілген.

Өндірістік үдерістерді үздіксіз жетілдірудің жапондық тәжірибесі қазақстандық компаниялардың қалай қолданғаны, кайдзеннің арқасында қандай өзгеріске ұшырап, жетістікке жеткені туралы да баяндалады. Кітап өзін-өзі дамытып, жетілдіргісі келетін, сапалы өмір сүруге талпынатын оқырман қауымға арналған.