Бекежан Тілегенов. Шағармалар жинағы

Бекежан Тілегеновтің шығармалар жинағының III томына Семейдегі атом полигонының қасіретін суретгеген «Қара жел» романы және «Қас пен көздің арасында» атты естелік-романы енді. Тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа әдебиеттің басы іспетті «Қара жел» шығармасында жазушы Дегелең трагедиясы арқылы бүкіл адамзатқа ортақ адамгершілік мәселесін қозғайды. Жер бетінде ашық сыналған бомбаның әсерін байқау үшін тірідей сынаққа ұшыраған адамдардың күйзелісі, адал махаббат иелерінің мәңгілік айықпас дертке ұшырауы, радиация апатының табиғатқа қиянаты нақты суреттелген. Жазушы кеңестік қатігез биліктің шовинистік пиғылын ашық әшкерелейді. «Қас пен көздің арасында» атты естелік- романда жазушы өзінің тағдыры санаған әдебиет және әріптес жазушылар туралы жүрекжарды ой-толғау, естеліктерімен бөліседі.