Данияр Сүлейменов. Ең бақытты әйел

Құрметті оқырман! Қолыңыздағы кітап әлемдегі нәзік те ең сұлу жаратылыс - әйел адамның бақытына арналады. Кітапта автор аят-хадистер мен әр дәуірдегі ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, әйел кісіге өз өмірі мен отбасылық өмірін бақытты етудің жолдарын ұсынады. Әйел бақыты, салиқалы әйелдің саналы ғұмыры - толыққанды қоғамның кепілі екенін кеңінен талқылап өтеді. Әйел мен ер адам арасындағы психологиялық айырмашылық пен өзара түсініспеушіліктің алдын алу жолдарын жан-жақты қарастырады. Отбасын бақытты етудің қыр-сырын баяндайды, әйгілі тұлғалардың өмірінен өнегелер келтіреді. Әйел кісіге фәни өмірдің ғана емес, ақиреттің де бақытына жету жолдарын ұсынады.

Кітап барша оқырман қауымға арналған!