Әділбек Ыбырайымұлы. Семсер жүзіндегі серт.

Роман. 2 том. Серт. — Алматы: «Арда+7», 2022. -416 бет.

 «Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогияның екінші кітабы осы атаумен аталған әрі оның арқауы — Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің тарихы мен тағдыры. Туындыда Кенесары көтерілісінің ерлік даңқы мен трагедиялык тағдыры тарихи-әдеби желі тартып баян етіледі. Сондыктан роман-эпопеяның бас қаһарманы - халық, Кенесары кейпіндегі қазақ халқы. Бірінші кітапта Қазак хандық мемлекетінің құрылу кезеңі көркем кестеленсе, екінші кітапта соңғы ханы — Кенесарының қаза табуымен бірге шанырағының кұлағанына дейінгі дәуірді қамтыған. Романдағы бірімен-бірінің жігі ажырамай, жымы білінбей үйлесім тауып отыратын тарихи оқиғаларға құрылған әдеби сюжеттердің эпизодтық құрылымы бекем. Осылардың бірінен екіншісіне көшкенде оқырман ешбір кедергіні сезінбейді. Жүгі ауыр шығарма жеңіл оқылады. Сондай-ақ, бұл кітаптың қоғамда тарихи сана қалыптастыруда елеулі рөл атқарары сөзсіз.