Иманғалиев Б. Нарком Темірбек Жүргенов

Нарком Темірбек Жүргенов / Бауыржан Иманғалиев. - Алматы: «Sardar G», 2024.-296 бет.
ISBN 978-601-7624-81-1
ӘОЖ 821.512.122.0
КБЖ 83.3(5Қаз)
И 48
Жүргеновтанушы-ғалым Б.Иманғалиевтің бұл еңбегінде Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы мәдениет пен әдебиет, оқу-ағарту саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сыншы-публицист Темірбек Қараұлы Жүргеновтің (1898-1938 ж.ж.) жазған әдеби-публицистикалық мұрасы жинақталып, қайраткерлік-қаламгерлік қарымы сараланған.
193 жылдары халық арасында «Темір Нарком» атанған Т.Жүргеновтің құнды мақалалары, очерктері, кітаптарынан үзінділер берілген. Еңбек отандық мәдениет пен әдебиеттің тарихын зерттеушілерге, жалпы қалың көпшілікке арналады.